Алматылық «Кайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы кездесуінде латвиялық «Ригамен» тең түсті.
Бұл туралы Tengrinews хабарлайды.
Алматылық «Кайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Латвияның Рига қаласындағы «Сконто» стадионында өткен кездесу 15 қазан, бейсенбі күні болды.
Ойын алматылықтар үшін сәтті басталды. Небәрі бесінші минутта «Кайрат» жартылай қорғаушысы Марк Гуаль пенальтиді дәл орындап, есепті ашты. Дегенмен, алаң иелері көп ұзамай жауап қайтарды: 12-минутта «Рига» ойыншысы Салах Улад таразы басын теңестірді.
Бірінші таймда «Рига» есепті өзгертуге тағы бір мүмкіндік алған болатын. 28-минутта алаң иелерінің шабуылшысы Мохамед Бадамоси пенальтиді жүзеге асыра алмады. Нәтижесінде кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Алдағы жоспарлар
Конференция лигасының жалпы кезеңінің форматы бойынша әр команда алты матч өткізеді. Турнир қорытындысы бойынша ең үздік сегіз клуб 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9–24 орын алған командалар қосымша стыктік матчтарда бақ сынайды.
«Кайрат» келесі ойынын өз алаңында өткізеді. 22 қазанда алматылықтар грекиялық «Панатинаикосты» қабылдайды. Бұдан бөлек, қазақстандық клубқа келесі қарсыластармен кездесу күтіп тұр:
- «Аталанта» (Италия) – сырт алаңда
- «Мьельбю» (Швеция) – өз алаңында
- «Университатя Крайова» (Румыния) – өз алаңында
- «Твенте» (Нидерланд) – сырт алаңда
«Рига» — «Қайрат» матчынан көрініс. Фото: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі / All Sports Media. Дереккөз


