ABQ / NEWSROOM

Токаев поздравил Президента Конго с Днем независимости

Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны және ел халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«24KZ» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоға құттықтау жеделхатын жолдады. Ел Президенті Конго халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстанның Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды әріптес ретінде қарастыратыны атап өтілген. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастардың бірлескен күш-жігердің арқасында халықтардың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға жауапты қызметінде табыс, ал дос конго халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Дереккөз: 24KZ

ABQ EDITION

Соңғы жаңалықтар